«Dala Sound»: Павлодарда жастар арасында таланттарды таңдайды

«Dala Sound»: Павлодарда жастар арасында таланттарды таңдайды
Фото:pixabay.com/HubertPhotographer

Қаланың орталық жағалауында орналасқан «Ertis Promenade» бас сахнасында тыңдау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы 14 пен 35 жас аралығындағы талантты жастарды ауқымды концерттік бағдарламаға қатысу үшін тыңдауға шақырады.

– Ән айтып, би билейсің бе? Онда өзіңді көрсет те, мыңдаған көрерменнің алдында шеберлігіңді паш ет! – деді ұйымдастырушылар.

Қатысу үшін +7 771 130 3273 WhatsApp нөмірі арқылы жазылуға болады.

Тыңдау 10 маусымға жоспарланған. Іріктеуден өткен талантты жастар 22 маусымда «Ertis Promenade» бас сахнасында өтетін концерттік бағдарламаға қатысады. Жалпы 20 шығармашылық нөмір ұсынылады.