Баянауыл ауданында эвакуациялау сәтінен кадрлар жарияланды
Желтау кентінің 18 тұрғыны алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналының мәліметінше, оның ішінде сегізі – бала. Эвакуациялау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы қолданылды.
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП 609 адам және 110 техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен төрт әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды.
Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілуде.
Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде.
Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті.