ҚР Президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы ел азаматтарына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Президент бұл мерекенің ел тарихындағы маңызы айрықша екенін атап өтіп, Тәуелсіздік – халқымыздың ең қымбат әрі басты құндылығы екенін жеткізді.
Оның айтуынша, егемендікке қол жеткізу Қазақстан халқының саналы әрі түпкілікті таңдауы болды. Осы жолда ел азаматтарының бірлігі, өзара қолдауы мен қажырлы еңбегі шешуші рөл атқарды. Соның арқасында Қазақстан тұрақтылық пен келісімді сақтай отырып, Тәуелсіз мемлекетті нығайтуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге тоқталып, мұндай кезеңде ұлттың ұйымшылдығы мен болашаққа деген сенімі аса маңызды екенін атап өтті. Ол Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамуы үшін бірлесе еңбек ету қажет екенін айтты.
– Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Құттықтау хатының соныңда Президент қазақстандықтарға бақ-береке және толағай табыс тіледі.