Қазақстандық журналистер арасында үздіктер таңдалады

«AMANAT» партиясы БАҚ өкілдері арасында жыл сайынғы байқаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық конкурс бірқатар маңызды тақырыптарды қамтиды. Олардың қатарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, «Еңбек адамы», «Жұмысшы мамандықтар жылы», «Taza Qazaqstan» бастамасы, жастардың қоғамдағы рөлі және басқа да өзекті мәселелер бар.
«AMANAT медиа сыйлығы» бұқаралық ақпарат құралдарының жанрына қарамастан, тақырыптық бағыттар бойынша табысталады. Сонымен қатар «Алаш аманаты», Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстаным үшін арнайы жүлделер қарастырылған.
Өтінімдер 17 маусымға дейін қабылданады. Салтанатты марапаттау рәсімі маусым айының соңында, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді. Жеңімпаздарға «AMANAT» медиа-премиясы, мүсінше және ақшалай сыйлықтар табысталады.
Байқау жеңімпаздары екі бағыт бойынша он аталымда анықталады.
Тақырыптар бойынша номинациялар:
- «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;
- «Еңбек адамы туралы үздік материал»;
- «Жастар туралы үздік материал»;
- «Аймақ туралы үздік материал»;
- «Партия жұмысы туралы үздік материал»;
- «Taza Qazaqstan» – экология мен қоршаған ортаны сақтау туралы үздік материал»;
- «ҚР Конституциясының 30 жылдығы туралы үздік материал».
Арнайы сыйлықтар:
- Шерхан Мұртаза және Қамал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
- «Алаш аманаты» сыйлығы;
- «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы.
Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады. Телефондар: 8 (7172) 70-76-25, 8 (7172) 707-628, электронды пошта: media_premiya@amanatpartiasy.kz.