13 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

13 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Фото: Константин Шелков

«Қазгидромет» РМК дүйсенбі күніне арналға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды   @Pavlodarnews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. 

Оңтүстіктен жел соғады, күші  секундына 5-10 метрді құрайды. 

Түнде -25..-27, күндіз -15..-17 градус аяз болады.