Павлодар ауданында жеке тұлғаға жер учаскесі заңсыз берілген
Прокуратурамен 2,4 миллиард теңгеге жер қайтарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.
– Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың гектар Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 миллиард теңгені құрайды, – деді облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылып, 1500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, Павлодарда жер қатынастары саласында біраз былықтың беті ашылып, 20 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған болатын.