Павлодарда екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар штаттық режимде өтеді

Павлодарда екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар штаттық режимде өтеді
Фото: Константин Шелков

Сабақтар  мектептерде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауа температурасы -23 °С көрсетуде, ал желдің жылдамдығы секундына 5  метрді құрайды. 

Ал Ақсу, Екібастұз қалалары мен Железин ауданы білім бөлімдерінің мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты сабақтар қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды. 

Еске сала кетейік, өткен аптада - 42°С-қа дейін аяз болған болатын.