14 мамырда Павлодар облысының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін
Өңірде әлі де салқын ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, облыста түнде ауа температурасы +3…+8°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +14…+19°C дейін көтеріледі. Кей аудандарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.
Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде +5…+7°C болады. Күндіз сынап бағанасы +16…+18°C дейін көтеріледі. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.