17 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

17 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, кей жерлерде екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың оңтүстігінде -1°C-қа дейін төмендеуі ықтимал. Солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +7...+12°C шамасында болады. Облыстың оңтүстік-батысында ауа температурасы +15°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. 

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +1...+3°C болады. Аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Тұман түсуі мүмкін. 

Күндіз ауа температурасы +8...+10°C шамасында болады. Аспан бұлтты, жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал.