Павлодарда мүгедектігі бар азаматтар спортпен тегін айналыса алады

Павлодарда мүгедектігі бар азаматтар спортпен тегін айналыса алады
Фото: pixabay.com

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мәлімдеді.

– Дене белсенділігі – мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын нығайтып, өз мүмкіндіктерін ашуына, өзіне деген сенімін арттыруына және кез келген мақсатқа жетуге болатынын дәлелдеуіне тамаша мүмкіндік. Спорт ерік-жігерді, тәртіп пен мінезді шыңдайды, қарым-қатынас жасауға, өзін-өзі жүзеге асыруға және қоғам өміріне белсенді араласуға жаңа мүмкіндіктер ашады, – делінген хабарламада. 

Айта кетелік, қолжетімді спорт бағыттары туралы ақпаратты Қ.Қамзин көшесі, 39/1 мекенжайынан алуға болады. 

Байланыс телефоны: 61-61-50.