18 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады

18 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы +17°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -3...-8°C, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағаны  +12...+17°C дейін көрсетеді. 

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 15-20 метрге жетеді.

Ал Павлодарда түнде -4...-6°C. Күндіз +13...+15°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.