Аққулы ауданында туған күн иелері дауыс берді
Облыста бірнеше тұрғынның туған күні референдуммен тұспа-тұс келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданында орман өртінен қорғау қызметкері Ерболат Құмаров Мерғалым ауылындағы сайлау учаскесіне келді. Көп балалы отбасының тірегі бүгін, 6 қазан күні 50 жасқа толған мерейтойын атап өткен.
Аққулы аудан орталығының тұрғыны Гүлмира Мұртазина да дәл туған күні дауыс берді.
– Еліміздің әр азаматы 6 қазандағы дауыс беру мәселесіне саналы түрде қарайды деген сенім білдірді. Әрбір тұрғын ел игілігіне белсене атсалысуы керек, – дейді 20 жылдан астам ұстаздық өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі.
Шарбақты ауылының тұрығыны Мариям Ілдебаева дауыс беруге немересімен бірге келген. 87 жастағы кейуана ел үшін маңызды оқиғаларды ешқашан назардан тыс қалдырмайды, сондықтан бұл жолы да референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.