13 тамызда Павлодар облысында тұманды әрі бұлтты ауа райы күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +11...+16°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C болады. Жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +14...+16°C, күндіз +29...+31°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.