19 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болмайды

19 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз сынап бағаны +11...+16°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Жауын-шашынсыз.

Күндіз ауа температурасы +11...+16°C-қа дейін жетеді.  Жауын-шашын болмайды.