Маңғыстау облысындағы жаппай улану: Павлодар мектептері тексерілуде

Маңғыстау облысындағы жаппай улану: Павлодар мектептері тексерілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазір бұл іспен білім беру бөлімі айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстандағы барлық мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін тексеруді тапсырды. Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында болған оқиғадан кейін осындай міндет қойылды.

5-6 қыркүйекте білім бөлімі ведомствоаралық сараптамалық топпен бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы тамақтану мәселесі бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді. Ата-аналар комиссиясы да іске қосылды.

1, 5, 27, 29 және 26 мектептер тексерілді.

Тексеру барысында комиссия бірқатар артықшылықтарды атап өтті.

– Мектеп асханаларында бағасы көрсетілген ас мәзірі бар. Тамақтандыру бөлімдердегі қызметкерлер саны контингенттерге сәйкес. Асханада қауіпсіздік техникасының ескертпелері бар микротолқынды пештертер тұр. Санитарлық ережелерді сақтауға қатысты ескертулер жоқ. Жұмыс әдеттегідей жүріп жатыр, – деді сарапшылар.

Сонымен қатар, мектеп директорларына түзетуге берілген кемшіліктер де бар.

– Кейбір мектептерде астардың техкарталары, сабын мен жуғыш заттар, асхананың бекітілген жұмыс кестесі жоқ. Өнім бағасының көтерілгенін де байқадық, – деді сараптама комиссиясы.

Әзірге білім беру бөлімі мониторинг жүргізіп жатыр, алдағы аптада жұмыс жалғасады. Кейінірек санитарлық-эпидемиологиялық станциядан арнайы тексерулер болады.