Павлодарда құбыр жанды

Павлодарда құбыр жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

40 метр аумақ жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.50-де Ломов-Ворушин көшелерінің қиылысында құбырлардың оқшаулары жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. 

– Оқиға орнында жеке құрамнан бес адам мен бір техника жұмыс істеді, – деді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 11.01-де ауыздықталып, сағат 11.12-де сөндірілді.