2 шілдеде Павлодар облысында күн күркірейді

2 шілдеде Павлодар облысында күн күркірейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде +14...+19, күндіз +25...+30 градус болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус көрсетеді.