Павлодар облысында 500-ден аса азамат банкроттыққа өтініш білдірген
Барлық өтініш соттан тыс банкроттық процедурасына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заң борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі құралдар арқылы қалпына келтіруге мүмкіндігін қарастырады: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы.
– 10 наурыздағы жағдай бойынша соттан тыс банкроттық процедурасына қатысты облыс бойынша 500-ден аса азамат банкроттыққа өтініш білдірген. Оның ішінде, Павлодар қаласынан 194 өтініш, Екібастұздан 152, Ақсу қаласынан 54 өтінш келіп түскен,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, 9 наурыздағы жағдай бойынша елде соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен: eGov арқылы 10 462, e-Salyq Azamat арқылы 715.