22 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі
Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, алыс жолға шыққанда және ашық жерде жүргенде қауіпсіздік талаптарын ескеруге кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+18°C болады. Бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы +24...+26°C болады. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін.
Облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C аралығында болады. Жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр болжанады. Күндіз облыста ауа температурасы +22...+27°C болады. Жаңбыр мен найзағай сақталып, өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.