Павлодарда Mercedes маркалы көлік тұрғын үйге соғылды

Павлодарда Mercedes маркалы көлік  тұрғын үйге соғылды

Салдарынан ғимарат қабырғасына зақым келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға  М. Горький көшесінің бойында орын алды. «Mercedes Benz 280Е» пен «Mercedes Benz» маркалы екі көлік соғылған.

Mercedes Benz көлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Қоңырау сағат  12:04-те келіп түсті. Зардап шеккендердің екеуі – 1978 жылғы ер адам және 1981 жылғы әйел адам. Екеуі де № 1  қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Жол-көлік оқиғасына байланысты сараптама тағайындалды, тексеріс жүргізілуде.