23 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

23 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы ...+23°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C, оңтүстікте 3°C салқын болуы мүмкін. Жауын-шашынсыз. Күндіз  +18...+23°C жылы болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай.

Желдің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде +2...+4°C, ал күндіз +20...+22°C дейін жылы болады. Бұлтты, жауын-шашын, найзағай күтіледі.