Павлодарлық кәсіпкерлерге монополияға қарсы тәжірибе бойынша кеңес беріледі

Павлодарлық кәсіпкерлерге монополияға қарсы тәжірибе бойынша кеңес беріледі
Фото: Константин Шелков

Бұл кеңесте кәсіпкерлер тәжірибе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы консультациялар алу және оларды шешуге көмектесу үшін 2 қарашаға дейін бәсекелестікті қорғауға байланысты мәселелер туралы хабарлауды сұрайды.

Қарашадан желтоқсанға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы құқық қолдану мәселелері бойынша бизнес субъектілерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

– Осы іс-шаралар барысында «Атамекен» ҚР ҰКП бәсекелестікті дамыту және тариф белгілеу департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерде туындаған мәселелерді талдауға ниетті,  – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Осындай кездесулерден кейін бизнес субъектілеріне құқықтық консультациялар өткізу, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін пысықтау, оларды кейіннен заң жобаларына енгізу, анықталған бизнес проблемаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің әкімшілік кедергілер жөніндегі кеңесінің алаңына шығару жоспарлануда.

Айта кету керек, қажет болған жағдайда Палата қызметкерлері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерімен сот дауларына қатысуға дайын.