Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалың қар мен қатты жел салдарынан жүргізушілерге алыс сапарлардан бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

21 қараша күні сағат 19:00-ден бастап облыс аумағында ауа райының күрт нашарлауы байқалады. Қалың қар жауып, жел күшейіп, көріну мүмкіндігі төмендеді. Осы жағдайға байланысты, облыс бойынша бірқатар жолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Қазіргі уақытта келесі бағыттарда барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді:

  • «Қызылорда – Павлодар – Успен - РФ шекарасы» (1135-1367 шақырым);
  • «Астана-Ерейментау-Шідерті» (200-254 шақырым);
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолы.

Жергілікті полиция қызметі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден ауа-райының өзгеруін қадағалауды және SMS-хабарламаларға назар аударуды сұрайды. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар ауа-райының қолайсыздығымен алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуы керек.

Төтенше жағдайға тап болғанда құтқару қызметінің 112 бірыңғай нөміріне немесе полицияның 102 телефонына хабарласу керек.