3 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

3 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Жұма күні жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күн бұлтты болады.

Қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрді құрайды.

Күндіз 1-3  градус суық болады. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, солтүстік, батыс, шығыс, орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, батыс, орталығында - тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі.