Павлодар облысында жүргізуші қаза тапты
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 сәуірде түнде Астана тұрғыны Қалқаман ауылының маңында «Toyota Estima» маркалы жеңіл автокөлікпен келе жатып, КамАЗ тіркемесінің артқы жағына соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Estima» жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деді департаментте.
Жеңіл автокөлік пен КамАЗ тіркемесі айып тұрағына қойылды.
Айта кетерлігі, биыл облыс аумағында 124 ЖКО тіркелді, соның салдарынан жеті адам қаза тауып, 162 адам жарақат алды.