Павлодарда тұрғындарға құқықтық кеңес беріледі
Іс-шара Конституция күні шеңберінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Азаматтарды Конституцияның негізгі ережелері туралы ақпараттандыру және құқықтық кеңес беру мақсатында 2024 жылғы 29 тамызда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін «Batyr mall» СОО-да «Отбасы және Конституция» тақырыбында тұрғындарға құқықтық кеңес беріледі.
Шараға бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, полиция департаменті, әділет департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Павлодар қаласы әкімдігінің ТҮКШ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, білім және спорт бөлімдерінің өкілдері қатысады.