Аққулы оқушылары фетр, гипс, дискілерден домбыра жасады
Шара Домбыра күніне арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Домбыра үлгісі» байқауының мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, ұлттың ұлылығын ұлықтау.
Жарысқа 30-дан астам бала қатысты. Қазылар алқасы макеттерді ұсынудың өзіндік және шығармашылық тәсілдерін, эстетикалық және әдеттен тыс тәсілді жоғары бағалады. Қатысушылар қиялдарына ерік беріп, домбыра жасау үшін түрлі материалдарды пайдаланды: ағаш картон, құрақ, папье-маше, сымдар, диск пластинкалары, гипс, фетр, гүлдер, квиллинг, шарлар.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.