«Жастармен көктем гүлдейді»: Павлодарлық кітапханада шығармашылық көрме өтеді

«Жастармен көктем гүлдейді»: Павлодарлық кітапханада шығармашылық көрме өтеді
Фото: Константин Шелков

Аталмыш жиын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерінің қатысуымен «Жастармен көктем гүлдейді» атты жұмыстарының көрмесі ашылады. 

Көрме – бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының алуан түрлілігін, соның ішінде картиналар, тоқыма бұйымдары, панно және көркем шығармашылықтың сұлулығы мен шеберлігін көрсететін стильдердің, техникалар мен материалдардың алуан түрлілігін көрсетеді.

Айта кетейік, кіру тегін.