Павлодар облысы тас жолында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы Омбы-Майқапшағай автожолында орын алған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 29 маусымда сағат 17.25-те Шарбақты ауылы жанында «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің 48 жастағы жүргізушісі «Лада Гранта» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
– Салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің 29 жастағы жолаушысы мен екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды, – деді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.