Павлодарлық вице-мисс отандық скрипкашылардан шеберлігін асырды

Павлодарлық вице-мисс отандық скрипкашылардан шеберлігін асырды
Фото: облыстық білім бөлімі

Жас музыкант байқаудың  бас жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астана қаласында "SILK WAY CREATIVE GAMES" XIV Ұлттық Дельфий ойындары аяқталды. Турнир 14 аталым бойынша екі жас санатында яғни 10-15 жас және 16-25 жас аралығында өтті. Додаға еліміздің 17 өңірінен 500-ге жуық жас қатысты.

Павлодар музыкалық колледжі-дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ішекті аспаптар бөлімінің үшінші курс студенті Дильназ Жанкушукова мен алтыншы сынып оқушысы Анель Данияр жас санаттары бойынша алтын медальға қол жеткізді.

Олардың ұстазы Яна Касьянның айтуынша, екеуі де республикалық және халықаралық шығармашылық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Байқау Ермеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының залында өткен.

- Бағдарлама екі бөлімнен тұды. Музыканттардың техникалық мүмкіндіктерін көрсету қажет болды, - дейді Яна Касян. – Біз бұл ойындарға жаз бойы дайындалдық. Ол өз нәтижесін берді. Менің екі оқушым да үздіктердің үздігі атанды.

18 жастағы павлодарлық вице-мисс Дильназ Жанкушукова бірінші кезеңде полифониялық шығарманы, сондай-ақ каприс Паганини мен Моцарттың туындыларын орындады. Студент үшін Ұлттық Дельфи ойындары мол тәжірибеге толы шығармашылық байқау. 

Осындай байқауда өз өнерімді көрсетіп қана қоймай, жеңіс тұғырынан көрінгеніме қуаныштымын. Ұстазым Яна Оганесқызына ризамын. Сол кісінің арқасында түрлі байқауларға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізі жүрмін, - дейді жеңімпаз. 

Екінші кезеңде Дильназ Жанкушукова Фроловтың "виртуоздық пьесасын" Гершвиннің "Порги және Бесс "операсынан тақырыптарға арналған туындыларын, сондай – ақ оның ең сүйікті шығармаларының бірі - Брусиловскийдің романсын ұсынған.

- Байқауларда мен сахнаға шығып, мүмкіндігінше демалуға және музыканың ішіне енуге, - дейді студент. – Әр туындыны мен жүлделі орынға ие болу үшін ойнамаймын. Ең алдымен, өзіме және аудиторияға тамаша көңіл-күй сыйлауды ойлаймын.

Қазіргі таңда Яна Касянның оқушылары Түркияда өтетін халықаралық байқауға дайындалуда. Биылғы оқу жылында павлодарлық скрипкашыларды бірнеше ірі музыкалық турнирлер күтуде.

Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары елімізді 6-10 қазан аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін халықаралық біріншілікте таныстырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дильназ Жанкушукова "Павлодар аруы" байқауында вице-мисс атағына ие болған.