Ақсуда электр желілеріндегі жабдықтарға жоспарлы тексеру жүргізілуде

Ақсуда электр желілеріндегі жабдықтарға жоспарлы тексеру жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстар тұтынушыларды жарықтан ажыратпай орындалып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу электр желілері кәсіпорнының мамандары №1 тарату пунктіндегі жабдықтарға жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Жоспарлы жұмыстарды біз тұтынушыларды электр желісінен ажыратпай жүргіземіз, бұл электр энергиясының үздіксіз берілуін сақтауға мүмкіндік береді, – дейді Ақсу электр желілері кәсіпорнының қосалқы станциялар қызметінің бастығы Григорий Примуш.

Мамандардың айтуынша, релелік қорғаныс жүйесі электр жабдықтарының жұмысын тұрақты бақылап, төтенше жағдай туындаған кезде ақауды бірнеше секунд ішінде анықтап, желінің зақымдалған бөлігін автоматты түрде ажыратады.

Осыған байланысты энергетиктер жыл сайын жабдықтарға сынақ жүргізіп, оларды ретке келтіреді. Бұл электрмен жабдықтау жүйесінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.