Павлодар облысының ЭТД өкілдері бизнес субъектілерді жеке қабылдайды
Іс-шараға онлайн түрде қосылуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 27 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Жеке қабылдауға 66-03-11 (ішкі 5551) телефоны арқылы жазылуға болады.
– Мемлекеттік органдардың басшыларымен құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін жоспарланған тұрақты семинарлар,» дөңгелек үстел» отырыстары аясында «Атамекен» ӨКП алаңында кездесуге болады, – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Өтетін орны: Луговая көшесі, 16, 3-қабат, 316-кеңсе – өңірлік кәсіпкерлер палатасы.
Іс-шараға сілтеме бойынша «Zoom» арқылы қосылуға болады.
Конференция идентификаторы: 953 7111 1878, кіру коды: 186392.