Ақсуда төрт балкон жанды

Ақсуда төрт балкон жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазанда сағат 21:41-де 101 пультіне Әуезов көшесі бойында көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші және бесінші қабаттарында төрт балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына жеткен мамандар балконның құрылымы мен ағаш қаптамасы жанып жатқанын анықтады, – дейді департаментте.  

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жаудың пәтерлерге таралуына жол берлімеді. Сағат 22.15-те толықтай сөндіріліп, жалпы ауданы 15 шаршы метр ауыздықталды. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.