Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу басталды. Жағдайлар мен себептер анықталып, сараптама тағайындалды. 

– Жанжалдың барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жіберілген немқұрайлылық үшін мектеп директорына қатысты тергеу басталды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Еске сала кетейік, Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шыққан болатын. Тергеу барысында полиция қызметкерлері мектеп сыныптарының бірінде төбелес барысында кәмелетке толмаған үш оқушы жарақат алғанын анықтады. 

Оқиға орын алған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір бала жеткізілген.  Мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.