Ақсулық оқытушы республикалық кәсіби байқауда жүлдегер атанды
Шымкент қаласында «СББ станоктарымен жұмыс» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға Ақсу қара металлургия колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Макпал Төлегенқызы Бекмұханова қатысып, жоғары кәсіби даярлығы мен тәжірибелік шеберлігін көрсетті.
Екі күнге созылған байқау 28-29 мамыр аралығында ұйымдастырылды.
Нәтижесінде Макпал Бекмұханова жүлделі ІІІ орынды иеленді.