Май ауданында екі мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Май ауданында екі мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктөбе ауылындағы Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде инклюзивті кабинет ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Май ауданының әкімі Қадылжан Сәтиев баспасөз конференциясында 2025 жылы ауданда атқарылатын жобаларды таныстырды.

–   Майтүбек жалпы орта білім беру мектебі және Қаратерек жалпы орта білім беру мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді ол.

Әкімнің айтуынша, аудан бойынша оқушылар контингенті 1578 – ді құрайды. 0-ден 6  жасқа дейінгі 600 бала бар, оның ішінде 383-і – 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балалар. 11 мектептің 85,6%-ы қазақ тілінде оқытылады.

Тоғыз мектепте мүмкіндігі шектеулі 76 оқушыға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Ауданның барлық мектебі компьютерлермен қамтылған, олардың жалпы саны 1 288 бірлікті құрайды, оқу процесінде – 1 223 бірлік, бір компьютерге 1,3 оқушыдан келеді.