Ақсулықтардан «Ертіс жастары» бағдарламасына қосымша өтініштер қабылданады
Жастарға аталмыш бағдарламамен үй сатып алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі «Ертіс жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысуға қосымша өтініш берудің басталғаны туралы хабарлайды.
Аталмыш жобаға мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, БАҚ, ЖОО және ҒЗИ салаларының жас мамандары қатыса алады.
Өтініш берушілердің 18 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Пайыздық мөлшері жылына 5 пайыз. Несиенің ең жоғары мерзімі – 19 жыл.
Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 20-24 мамыр аралығында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін Пушкин көшесі, 72/1 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.