Мария Агапова алдағы жекпе-жекке Скриптонит ырғағымен әзірленуде

Мария Агапова алдағы жекпе-жекке Скриптонит ырғағымен әзірленуде
Фото: ашық дереккөздерден

Шілде айында ол америкалық қарсыласпен тартысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық жауынгер қыз Instagram парақшасында спортзалда жаттығып жүргені туралы видео жариялады. Оқиға Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында болды. Сториз Скриптонит деген лақап атпен белгілі Әділ Жалелов пен ресейлік музыкант Feduk (Федор Инсаров) «Аста ла виста» атымен бірлескен әнімен сүйемелденген. 

Жақында UFC-дегі тұңғыш қазақстандық жауынгер қыз ұзақ уақыт ішіндегі алғашқы жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялады. 2024 жылдың 13 шілдесінде павлодарлық қыз америкалық Луана Санчеспен тартысады. Ол кәсіпқой рингте он жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңілген.

Мария Агапованың соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде канадалық Джиллиан Робертсонға қарсы өтті. Павлодарлық жеңіліп, ауыр жарақат алды. Спортшыға ота жасалып, ол он ай бойы оңалтудан өтті.

26 жасар спортшы қыз UFC-де 2020 жылдан бері он жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілді.