Мереке қарсаңында павлодарлық полицейлер жоғары шенге ие болды

Мереке қарсаңында павлодарлық полицейлер жоғары шенге ие болды
Фото: ПД баспасөз қызметінен

Республика күніне арналған салтанатты шараға департаменттің жеке құрамы мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мерекелік шара «Шаңырақ» мәдени-демалыс орталығында өтті. Жиында облыстық полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төкенов қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының атқарып жүрген жұмысының маңыздылығын атап өтті.

– Республика күні – Қазақстан тарихында айрықша орын алатын мереке. Тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет білдіреміз, – деді ол.

Жиында ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарындағы адал қызметі, қызметтік міндеттерін орындаудағы жоғары көрсеткіштері үшін Әлия Ниязоваға, Әмір Әденовға, Дәулет Ғабдуллаға және Әсел Тұрсынғалиеваға полиция подполковнигі арнайы атағы берілді. Ал Айнагүл Ахметоваға полиция майоры арнайы атағы берілді.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Асхат Әбетжанов, Мекен Еркебұлан, Әділбек Сабданбеков және Болатбек Досмағамбет марапатталды.

«Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі Рүстем Жетпісбайға табысталды.

Данияр Қазиға Ішкі істер министрлігінің грамотасы берілсе, Ерсұлтан Ахметжан министрліктің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін атқаруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 150 полиция қызметкері грамота және Алғыс хаттармен марапатталды.