Павлодарда балаларына алимент төлемеген әке алты жыл іздеуде жүрген

Павлодарда балаларына алимент төлемеген әке алты жыл іздеуде жүрген
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қарыз сомасы жеті миллионнан астам теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір полицейлері балаларына жеті миллионнан астам теңге алимент төлеуден жалтарған азаматты анықтап, ұстады. Екі баланың әкесі соңғы алты жыл бойы сот шешімін орындамай, алимент төлеуден қашып жүрген. Осы уақытқа дейін ол іздеуде болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қарызды өндіріп алу туралы сот шешімін әрі қарай орындау үшін материалдар жеке сот орындаушысына тапсырылды.

Қалыпты жағдайда баланы екі ата-ана бірге тәрбиелеп, кәмелет жасына дейінгі барлық қажеттілігін қамтамасыз етуге ортақ жауапты болады. Алайда ата-аналар ажырасып, бала біреуімен қалған жағдайда, екінші ата-ана да міндетінен босатылмайды және заң бойынша алимент төлеуге тиіс. Алимент төлеуден жалтару қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Айта кетейік, биылғы 11 айда полиция қызметкерлері алимент төлеуден қасақана жалтарған 205 борышкерді іздеп тауып, олардың әрқайсысы бойынша қажетті материалдар жинады.