Ақтоғай ауданының бір ауылында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Шолақсор ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Былтыр 29 желтоқсанда Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылында қатты дауылдың салдарынан жақында ғана жөнделген мәдениет үйінің шатырын жартылай ұшырып әкетті. Желдің салдарынан құлаған шатырдың ауданы 330 шаршы метр.
Сметалық сараптамаға сәйкес жөндеу жұмыстарына 10 миллион теңгеден астам қаражат қажет.
Айта кетейік, өткен жылы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты және шатыры 45,5 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Мердігер - «ГрадСтройСервис» ЖШС.
Қоғамдық талқылау Жоба 10 қаңтарға дейін ашық талқыланатын болады.