Анаша шеккен отырыс: Павлодарда ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Анаша шеккен отырыс: Павлодарда ер адам  жүргізуші куәлігінен айырылды
Ашық деректерден алынған сурет

Ол өз кінәсін жартылай мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.

Ер адам есірткіге мас күйінде Олжабай батыр – Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында «ВАЗ – 2107» көлігін айдап келе жатқан.

Ол сот отырысында өз кінәсін ішінара мойындады. Анаша шегетін адамдардың ортасында отырғанын, ұзақ уақыт бойы есірткі қолданбағанын айтыпсендірген.Үйінің кіреберісінде анаша шегетін адамдар барын, сол жерде тыныс алуы мүмкін екенін айтқан.

Алайда, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтарды қолданғанын растады.

– Сот құқық бұзушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты. Осылайша 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Қаулы күшіне енді.