Павлодарда балаларға арналған аудиокітап жарық көрді

Шара «Балалар оқиды» жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Кітап – балаларға» аудиокітабының тұсаукесері 29 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханада өтеді.
Жинақта Павлодар- Ертіс өңірі ақындарының балаларға арналған өлеңдері көрініс табады.
Жаңа аудиокітапқа өңірдің танымал ақындары – Людмила Бевз, Ольга Зинченко, Екатерина Писаренко, Людмила Марковская, Ольга Захарова-Грибельная, Наталья Борисовская, Сергей Рудишев, Елена Вайберт және Галина Юнеманның балаларға арналған туындылары жинақталған.