Арзан ет: Сайлау күні Ақтоғай ауданында жәрмеңке өтті

Арзан ет: Сайлау күні Ақтоғай ауданында жәрмеңке өтті
Фото: Есенжол Исабек

Әлеуметтік жәрмеңке дауыс беру учаскесінің жанында ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Оған Харьков және Ақтоғай ауылдық округтерінің кәсіпкерлері қатысты. Олар ет, бал, сүт өнімдері, тоқылған бұйымдар және басқа да өнімдер әкелді.

– Азық-түлік бағасы дүкендерге қарағанда шамамен 500-700 теңгеге арзан. Кәсіпкерлер мұндай жәрмеңкелерге қатысқан кезде өз тауарларын нарықтық бағадан төмен бағамен сататынын біледі, бірақ біздің округ тұрғындары үшін мұндай жәрмеңкелер әрқашан пайдалы болады, – деп атап өтті Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қуаныш Пістебаев.

Бұған дейін  павлодарлық студент Ақтоғайда өтіп жатқан сайлауға қатысу үшін жүз шақырымды жүріп келгені туралы хабарланған болатын.