Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Қалалық әкімдікте кадрлық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімінің өкімімен 31 шілдеден бастап Әділжанов Қаныш Ақылбекұлы Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қаныш Ақылбекұлы 1980 жылы туған, жоғары білімі бар. 2001 жылы Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы, 2004 жылы Қазақстан-Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2002 жылы «Сүт-Екібастұз» фирмасы» ЖШС заңгер болып бастаған.
2004-2020 жылдары мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда әртүрлі лауазымда еңбек етті.
2020 жылдан 2023 жылға дейін «Павлодар «АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.
Мемлекеттік қызмет өтілі 11 жылдан асады.