Атамекенде 86 жастағы әйел адам жоғалып кетті

Зейнеткер бағдарын жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздеушілер тобының мәліметінше, 1939 жылы туған София Мерцалова 2025 жылғы 10 қазанда Атамекен кентіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен және әлі күнге дейін оралмаған.
– Белгілері: бойы аласа, дене бітімі арықша, көзі қоңыр, шашы ұзын әрі ақ. Киімі: ұзын белдемше, қоңыр түсті қысқа пәлте, үлкен галош (резеңке аяқ киім). Қолында пакет пен саптыаяқ болған, – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еріктілердің айтуынша, зейнеткер бағдарын жоғалтуы мүмкін.
– Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 747 615 55 63 – Катерина, +7 777 334 82 01 – Светлана немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз, – деді іздеушілер тобы.
Еріктілер жоғалған адамды іздеуге көмек көрсетуге шақырады.