Пышақ сұқты: Павлодарда моншада адамды өлтірген ер адам он жылға сотталды

Пышақ сұқты: Павлодарда моншада адамды өлтірген ер адам он жылға сотталды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындамады , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі, адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату бойынша қылмыстық іс қаралды.

2021 жылдың қараша айында қалалық моншалардың бірінде ер адам масаң күйде болып, басқа ер адамның  кеуде тұсына пышақпен ұрған. Көп қан жоғалтқан жәбірленуші алған жарақаттардан қайтыс болды.

Прокурор мен жәбірленушілер бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолдануды талап етті.

Айыпталушы өзін қорғау мақсатында жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын айтып, кінәсін мойындамады.

Ер адамның әрекеті аса ауыр қылмыс санатына жатады, ол үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазасы көзделген.

Сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ер адамды 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,– деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.