Павлодарда пәтерден ер адамның денесі табылды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні сағат 23.30-да Құдайбердиев көшесіндегі пәтерлердің бірінен 48 жастағы пәтер иесінің зорлық белгілері бар денесі табылды.
– Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді департаментте.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол бірге алкогольді ішкеннен кейін жанжал шыққан. Кейін күдіктінің ер адамның кеудесіне пышақ сұққаны анықталды.