Аққулы ауданына Моңғолия мен Ресейден бірнеше отбасы қоныс аударды

Олар ұлттық жоба арқылы көшіп келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Жыл басынан бері Аққулы ауданында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында 62 отбасы 250 адамды қоныстандыру жоспары бойынша квота бөлінді. Соның ішінде 51 отбасы жұмыс күші артық өңірлерден болса,11 отбасы қандастар.
Бүгінгі күні 22 отбасы 145 адамға квота бөлінді. Оның ішінде 7 отбасы қандастар, 22 отбасы 108 адам жұмыс күші артық өңірлердің қоныс аударушылар. Көшіп келген 145 адамның ішінде еңбекке қабілеттісі- 65 адам. Бүгінде фельдшер, медбике, биология мұғалімі, биотехнолог, аспазшы, жүргізуші, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 39 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
– Қоныс аударушыларға көшу шығыстарын өтеу бір рет отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субсидия төленеді. Жыл басынан 8 отбасы 35 адамға тұрғын үйді сатып алу үшін 37,1 миллион теңге көлемінде экономикалық ұтқырлық сертификаты төленді. Қосымша біздің ауданымызға тамыз айында Монғолия Республикасынан 3 отбасы (16 адам) және Ресей Федерациясынан 1 адам қоныстанды. Құжаттары өңірлік комиссияға жолдануда,– деді Аққулы ауданның мансап орталығы басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Балтабаева.
Сондай-ақ, ағымдағы айдың сонына дейін оңтүстік өңірлерден 3 отбасы 14 адам көшіп келеді. Олардың қатарында медбике, жүргізуші, аспазшы мамандықтарын меңгергендер бар.
Фото:ашық дереккөзден