Бүгін Екібастұзда қалалық жастар мәслихатының депутаттары сайланады
Оған жиырмадан астам жас үміткерлік етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
- Жастар шығармашылыққа, түрлі идеяларға бай әрі жанашыр. Мұның бәрі қазіргі жас буынға тән қасиет. Сондықтан да жастар мәслихаты өңірдің дамуында ерекше мәнге ие. Жастар маслихаты - тек қана жас тұлғаның дамуына әсерін тигізетін жоба емес. Бұл жалпы жастар үшін сапалы, әрі жүйелі әлеуметтік лифт болып табылатыны сөзсіз, - деді шаһар басшысы.
Аян Бейсекин жастар мәслихатын үміткер 21 жаспен кездескенін атап өтті. Осы жігіттер мен қыздардың барлығы қаланың өміріне бей-жай қарамайтын белсенділер екенін тілге тиек етті.
- Біз әрқашан көмектесуге, тыңдауға, шешім қабылдауға, қолдау көрсетуге дайынбыз. Себебі жастар біздің болашағымыз. Екібастұз жастары біздің өңірдің ғана емес, бүкіл елдің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдімін, - деді ол.
Сөз соңында Аян Бейсекин тартысты додада ең мықтылардың жеңіске жетуіне тілектестігіні білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram